Дәріханаларда дәрі-дәрмек сату шектеледі
Дәріханаларда дәрі-дәрмек сату шектеледі
© сурет интернеттен алынды
124
оқылды
Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова дәрі-дәрмек тапшылығына байланысты бір адамға қанша қорап дәрі сатылатынын айтты.
Бүгінде бір адамға препараттардың 2-3 қаптамасы ғана сатылуына қатысты бірнеше аймақта әкімдіктер және бөлшектік сауда желілері қауымдастықтарымен меморандум жасалды. Жақында қалған өңірлер де қосылмақ. Бір адамды емдеу курсына дәл осы көлемдегі дәрі қолданылады. Препараттардың жарамдылық мерзімі бар, сондықтан олар үйде бос жатып қалмауы керек, - деді ол брифингте.
Людмила Бюрабекова бір үйде бірнеше адам ауырып, ал, дәріхана дәріні тек бір адамға арналған шекті көлеммен берген жағдайда не істеу керегін де айтты. Оның айтуынша, мұндай жағдайда пациенттің емделу курсы нақты жазылған дәрігердің нұсқаулығын көрсету керек.