«Клиникалық зерттеулер үшін коронавирусқа төрт вакцина мақұлданды. Қалған алтауы әлі қарастырылуда» деді Хан баспасөз конференциясында.
Мамыр айында АҚШ әкімшілігі – Warp Speed операциясын іске қосты. Бұл – Денсаулық сақтау департаменті мен Пентагонның бірлескен жобасы., Олар 2021 жылдың қаңтарына дейін COVID-19 вакцинасын 300 миллиондай дозамен шығару керек.Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, АҚШ-та коронавируспен 2,6 миллион адам ауырған. Оның 126 мыңнан астамы көз жұмған.