Шикі сүт адамға зиян екен
Шикі сүт адамға зиян екен
©Сурет интернеттен алынды
422
оқылды
Мұндай тұжырымға Дэвистегі Калифорния университетінің ғалымдары келді.
Олардың мәлімдеуінше, шикі сүттің құрамында микробқа қарсы тұратын бақтерияның бары анықталды. Ал ол сүтті бөлме температурасында тұрғызып ішсе, бактерия көбейе түседі екен. Бұл туралы MedicalXpress басылымы жариялады.
Зерттеушілердің анықтауынша, Америка Құрама Штаттында жыл сайын 3 миллионға жуық адам осындай сүтті ішіп, бактерияны жұқтырады. Оның 35 мыңнан астам осыдан көз жұмған. Сондықтан ғалымдар сиырдан жаңа сауылған сүтті тоңазытқышқа салып ішуге кеңес береді.