Бельгия чемпионатының үздік бомбардирі «Астанаға» ауысуы мүмкін
Бельгия чемпионатының үздік бомбардирі «Астанаға» ауысуы мүмкін
150
оқылды

Қазір Бруноның трансферлік құны 1,8 миллион еуро

Бельгиялық «Серкль Брюге» клубының шабуылшысы 27 жастағы Джанни Бруно елордалық «Астанаға» ауысуы мүмкін. Бұл туралы футболшының өзі айтқан.

Осы маусымда ол Бельгия чемпионатында 34 матчқа қатысып, 13 гол соғып, 4 нәтижелі пас шығарыпты. Маусым аяқталған соң «Серкль Брюге» ойыншыға жаңа келісімшарт ұсынған. Алайда шабуылшы оны қабыл алмаған. «Мен керемет маусым өткіздім, енді алдымда бірнеше есік ашылды. Бұл чемпионат ұнайды. Бельгияда қалғым келеді. Бірақ «Лудогорец», «Астана» сияқты клубтардан ұсыныстар алдым. Еуропада ойнағым келгендіктен Сауд Арабиялық клубтардан бас тарттым. Қазіргі уақыт – менің карьерамдағы маңызды кезең. Сондықтан тиімді шешім қабылдау керек» дейді ол.

Қазір Бруноның трансферлік құны 1,8 миллион еуро. Футболшы қандай клубқа барса да еркін агент ретінде ауысады.

Ол осыған дейін «Стандард», «Лилль», «Бастия», «Эвиан», «Лорьян», ресейлік «Крылья Советов» клубтарында ойнаған.