Елбасымен Қытайда таныстым – Қасым-Жомарт Тоқаев
Елбасымен Қытайда таныстым – Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Интернеттен алынды
156
оқылды
Мақаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен қалай танысқанын айтып берді. «Менің Елбасын алғаш көр­геніме де 35 жылдың жүзі болып­ты. Нұрсұлтан Әбішұлы 1985 жыл­дың қыркүйегінде Қазақ КСР Ми­нистрлер Кеңесінің Төрағасы кезінде Қытайға келген еді. Ол кезде елшілікте жұмыс істейтінмін. Сон­да Үкімет басшысының қы­тай­лық­тар­мен келіссөз барысында бай­қалған мол біліміне, тоталитаризм тұсын­да қа­лып­тасқан жайлар жөніндегі батыл ойларына, сөзінің жүйелілігіне бәрі­міз қатты разы болғанбыз. Елшілік қызмет­керлерімен бас-аяғы екі жарым сағатқа созылған бейресми әңгімеден кейін бас қос­қанымызда мен әріптестеріме қарап: «Те­гінде, біз Қазақстанның болашақ бас­шы­сымен сөйлескен шығармыз» дедім. Арада бес жыл өткенде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бас­­шы­лығына келді. Қазақстанның Тұңғыш Прези­дентінің тәуелсіздік таңындағы алғашқы кадрлық шешімдерінің бірі менің де тағдырымды ай­қын­дап берді. «Беласу» атты кіта­бымда: «Бұл үлкен жүректі адам менің қабілетіме сенді, сенді де оны өзім туып-өскен Қазақ­стан игі­лігі үшін аямай жұмсауыма жол ашты» деп жазған болатынмын», – деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.