Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың өсуін ескере отырып, мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. Көлік қатынасы мынадай шектеу шаралары енгізіледі:
- Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;
- Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);
- Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;
- Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.