Комиссия шешімімен сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтары, бассейндер, азық-түлік және азық-түлік сатпайтын жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа) жұмыс істемейді. Сонымен бірге, діни нысандар және басқа (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары) қызметі тоқтатылады.