Екі апта бойы ойын-сауық, той, спорттық жарыстар өткізуге тыйым салынды
Екі апта бойы ойын-сауық, той, спорттық жарыстар өткізуге тыйым салынды
Фото: Интернеттен алынды
171
оқылды
Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды, – деп хабарлайды primeminister.kz. Мемлекеттік комиссия шешімне сәйкес, азаматтардың жүріп-тұруы бойынша:
  1. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;
  2. Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету;
  3. Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;
  4. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу енгізілді.