Елшіліктер ашылды
Елшіліктер ашылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропаның алты мемлекетіндегі, атап айтсақ, Болгария, Латвия, Пор­тугалия, Сербия, Словакия және Эстония елдеріндегі дипломатиялық миссияларға толыққанды Елшілік мәр­тебесін беру туралы Жарлықтарға қол қойды.

Еуропа елдеріндегі дипломатиялық миссияларын қайта құруға байланысты Қазақстан Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов былай деп түсіндірме берді.

«Еуропалық одақ – Қазақстанның ірі сауда-экономикалық және инвести­циялық серіктесі. Еліміздің сыртқы сауда айналымының және Қазақстан эконо­микасына тартылған тікелей шетелдік инвестицияның жартысы Еуропалық одақ мемлекеттеріне тиесілі. Осыған байланысты, Қазақстанның Болгария, Латвия, Португалия, Сербия, Словакия және Эстония елдеріндегі дипломатиялық миссияларға толық­қанды Елшілік мәр­тебесін беру – Еуропа мемлекеттерімен өзара іс-қимылдарды тереңдетуге бағыт­талған маңызды қадам» деді ол.