Елбасы коронавирустан айықты
Елбасы коронавирустан айықты
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясынан айықты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
«Жақсы жаңалығым бар. Елбасының КВИ-ге бүгінгі тесті теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулау режимін жалғастырады. Қашықтан жұмыс істеп, таза ауада серуендеуге уақыт бөлетін болады», - деп жазды А.Үкібай Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін 18 маусымда Айдос Үкібай Елбасының коронавирус жұқтырғанын айтып, өзін-өзі оқшаулағанын хабарлаған болатын. Алдағы 6 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толады.