Өткен тәулікте елімізде 10 адам коронавирустан, 20 адам пнемвониядан көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, соңғы бір тәулікте 1247 адамнан пнемвония анықталды. Қазіргі кезде олардың саны мен денсаулығына мониторинг жасалып, тиісті ем беріліп жатыр.
«Елімізде қайтыс болған адамдардың дәл неден қайтыс болғанын комиссия адам өлгеннен кейін 1-2 күн ішінде анықтайды. Яғни, адам қаза тапқаннан кейінгі келесі күні оның себебі нақты аталады. Қазір бұл статистиканы апта сайын қортындылап, таратуды жоспарлап отырмыз», - дейді Цой.Ол сондай-ақ, қазір ел бойынша симптомсыз ауырғандардың статистикасы негізгі статистикаға қосылатынын, бұл елдегі жағдай шын мәнінде қандай екенін бақылауға көмектесетінін айтты.
«Соңғы тәулікте ел бойынша 10 адам коронавирустан, 20 адам пневмониядан қаза тапты», - деді соңғы статистиканы жариялаған Денсаулық сақтау министрі.