Парацетамолды алмастыратын 33-ке жуық дәрілік препарат бар - министр
Парацетамолды алмастыратын 33-ке жуық дәрілік препарат бар - министр
© сурет интернеттен алынды
134
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың халық әлеуметтік желідегі деректерге сеніп, жаппай парацетамол сатып алып жатқанын айтты. Алайда оны алмастыратын 33 препарат бар. 
«Кеше Нұр-Сұлтан дәріханаларына 70 мың пациентке жететін 70 мың қаптама парацетамол жеткізілді. Тұрғындар жарты сағатта бұл препараттарды сатып алды. Қазір желіде бұл препараттарды үстіне ақша қосып сатып жатқандар да жоқ емес. Алайда бізде құрамында парацетамолы бар 33-ке жуық дәрілік препарат бар. Нарықта бұл дәрі-дәрмектер ашық сатылымда. Халық әлеуметтік желілерден парацетамол туралы көріп алып, тек соны сұрайды. Ал негізінде оның орнына ішуге болатын басқа дәрілер бар», – деді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін министр елімізде коронавирусқа шалдыққандарды емдейтін ауруханаларда төсек-орын жоқ екенін айтып, елдегі бүкіл медициналық ұйым індетпен күресуге жұмылдырылатынын айтқан болатын.