Елорда мен бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Елорда мен бірқатар өңірде ескерту жарияланды
© сурет интернеттен алынды
5,140
оқылды
Ертең Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр, бұршақ жауып, күшті жел күтіледі, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен. 3 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай мен дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қаласында да кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.
«Нұр-Сұлтан қаласында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 3 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде де найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман күтіледі.
«3 шілде күні түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Петропавл қаласында да түнде бұршақ жаууы мүмкін», - деді синоптиктер.
Батыс-Қазақстан облысында кей жерлерінде де найзағай, бұршақ күтіледі. Ал оңтүстікте күндіз ауа температурасы көтеріліп, 35 градусқа дейін баруы мүмкін.
«Жұма күні Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршак күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20, ал күндіз екпіні 25 м/с дейін барады. Өскемен Семейде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал», - делінген дауылды ескертуде.
Дауыл соғу ықтималдылығы 90-95%.