Мәжіліс депутаты Төлебиге барды
Мәжіліс депутаты Төлебиге барды
5,266
оқылды

Түркістан облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Фахриддин Қаратаев облыс орталығы мен Кентау қалаларынан соң Төлеби ауданына ат басын тіреді. Мәжіліс депутаты іссапар барысында алдымен Төлеби ауданындағы жеке кәсіпкер «Меруерт» жиһаз өндіретін кәсіпорын жұмысымен танысты.

Айта кетейік, «Меруерт» жиһаз өндіріс орны 2018 жылдың тамыз айында іске қосылған. Негізгі өндіретін өнімдері ақ қайың мен қара ағаштан үстел және орын­дықтар секілді жиһаз түрлерін жасап шы­ғарады. Мәселен, ай сайын 200 орындықты тұ­ты­ну­шыға ұсынады. Кәсіпорында 25 адам жұмыс жасаса, олардың ор­таша жалақы көлемі 66 809 тең­гені көрсетеді.

Кәсіпорын ұжымымен кез­десуде аудан әкімі Бауыржан Омарбеков аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарды таныстыра келе:

– IBM компаниясының бұрын­ғы прези­денті Томас Дж. Уотсон: «Егер сіз табысты адам болғыңыз келсе, жүрегіңіз – бизнесіңізде, ал биз­несіңіз жүрегіңізде болуы қа­жет» деген екен. Соның бір дә­лелі ретінде ауда­нымыздағы кә­сіп­кер­лік саласын дөңгелетіп келе жат­қан «Ленгір машина жасау зауы­ты» ЖШС-ның «ЖК Меруерт» жиһаз шы­ғаратын цехын айтсақ болады. Күн сайын дамып, тап­сырыс көбейіп, жұмыспен қам­тылғандардың саны артып келеді. Осындай кәсіпкерлеріміздің ар­қа­сында ауданымыз­дың ілгері жыл­жи­тыны айқын. Биыл ау­данда кә­сіп­керлік саласын біршама да­мыту қолға алынуда. Қазір мемле­кеттік бағдар­ла­малар аясында халықтың өз кәсібін ашуы үшін қолдау көрсетудеміз, – деді аудан әкімі.

Кәсіпорынды аралаған Мә­жіліс депу­таты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Фахрид­дин Қаратаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың шағын және орта бизнесті дамыту елі­міздегі өркен­деудің өте маңызды талап­тарының бірі екенін айтты. Сол айтпақшы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту елі­міз­дің экономикасын жандандыруға және халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеруіне септігін тигізетінін жеткізді.

– Биыл мамыр айында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвес­торлар кеңесінде сөйлеген сөзінде кәсіпкерлікке тиімді қол­дау көр­сету мәселесін көтерген болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі­мен қолжетімді несиелеуге 600 миллиард теңге бөлінген. Қасым-Жомарт Кемелұлы мұны «қарапайым заттар экономикасы» тауар­ларын өндіруге таптырмас мүм­кіндік деп атап өтті. Алдағы уа­қытта кәсіпкерлік саласын да­мыту бағытында көптеген бағдар­ламалар ұйымдастырылып, кәсіп­керлер мен кәсіпорындар көптеп ашы­ла­тынына сенім­діміз» деген депутат «бәріңізге тәжірибе жи­нап, дамы­тып, өз кәсіптеріңізді ашуға кеңес беремін. Ауданды бірге көркей­тейік. Кәсіптеріңізге деген адал­дықтарыңыз алға же­телей­тініне мен сенімдімін, – деп кә­сіпорын ұжымына сәттілік тіледі.

Түркістан облысы