Тамаққа ақша сұраған жігітті улы боуямен бояп кеткен (видео)
Тамаққа ақша сұраған жігітті улы боуямен бояп кеткен (видео)
©Сурет интернеттен алынды
210
оқылды
Ол қара түске боянғанына 500 теңге алғанын айтқан. Сол видео әлеуметтік желіде  кең таралып кетті.
 «Қосымша ақша табу үшін жұмыс сұрадым. Олар «жұмыс жоқ, бірақ сені боясақ, 500 теңге береміз» деген соң, келістім» дейді жігіт.
Полицейлердің мәліметі бойынша, бүгін 2 шілде күні бір ер адам көлік жүріп жатқан жолға шықпақшы болған. Үсті қара бояуға боялған, аяғында аяққиімі де болмаған.
  Анықтай келе, 22 жастағы жігіт қаланың тұрғыны болып шықты. Сонымен қатар, ол Қарағандыдағы психоневрологиялық диспансерде есепте тұр екен.
Қазір полицейлер жағдайдың анық-қанығын анықтауда. «Бір топ адам жасаған бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. [embed]https://www.instagram.com/p/CCIDKTThJay/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed]