Қазақстанда 18 жасқа дейінгі 1200-ге жуық қыз үйленеді. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының халық өсімін қадағалайтын қор хабарлады.
Осындай отбасылы өмірде көбіне отағасының жасы үлкен кісілер болады екен. Олардың басты мәселесі – ұлды болу. Ал ол көп жағдайда болашақ анаға таяқ болып тиіп жатады.Кәмелеттік жасқа толмай тұрмысқа шығып жатқан бойжеткендер аз емес. Әрине, өзге елмен салыстырғанда қатты өсім жоқ. Бірақ соңғы бес жылда жасалған зерттеу бойынша, жылына орта есеппен 1200-ге жуық бойжеткен тұрмысқа шығады. Оның басым көпшілігі 18-ге де толмаған бойжеткендер.
«Соның кесірінен қыздар мектептен шығып, оқуын тастайды. Қолда дипломы болмаған соң, ақысы жақсы төленетін жұмысқа да тұра алмайды. Екіншіден, ерте жастан бала көтереді. Кейбірі бұған дайын болмай шығады» дейді Қазақстандағы ЮНФПА-ның гендерлік теңдік және тұрғындар жөніндегі үйлестіруші Ғазиза Молдақұлова.