Бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі
Бұқаралық спорт –  ұлт саулығының кепілі
164
оқылды

Nur Otan партиясы түрлі спорт федерацияларымен және ұйымдармен бірлесіп, қазақстандық спортты насихаттауға бағытталған ұлттық және халықаралық, сонымен қатар аймақтардағы көптеген спорттық шараны тұрақты ұйымдастырып келеді.

Nur Otan партиясы Арқалық қалалық филиалының мұрындық болуымен жергілікті «Қосымша білім беру орталығымен» бірлесіп, доп додасын ұйымдастырды. Оған шағын шаһардағы жас жеткін­шектерден құралған 10-ға жуық команда қатысты.

– Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі. Оны дамыту – баршаның ортақ міндеті. Осы ретте партия тарапынан түрлі спорттық шараларға қолдау көр­сетіп жүрміз. Футбол – әлемдегі танымал спорт түрі. Сол себепті, жастарды біріктіріп, теңбіл доп додасын ұйымдастырдық, – дейді Nur Otan партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сабыржан Тасмағанбет.

Бір аптаға созылған шағын футбол турнирі мәресіне жетті. Командалар «А» және «Б» тобына бөлініп өнер көрсетті. Топтан шыққан командалар бас жүлде үшін таласқа түсті. Аламан бәсекенің қорытынды ойынында Б.Майлин атындағы №3 орта мек­тептің командасы мен Ы.Алтын­сарин атындағы гим­назия аяқдоп­шылары өзара сынға түсті. Тар­тысты ойында Б.Майлин атын­дағы №3 орта мек­тептің коман­да­сының мерейі үс­тем болып, жарыс жеңімпазы және Nur Otan партиясы кубогы­ның иегері атан­ды. Үштікті М.Әуе­зов атындағы №5 орта мектеп­тің командасы түйіндеді. Жүлде­гер­лерге бағалы сыйлықтар тап­сы­рылды.