Елорда күніне және Елбасының туған күніне байланысты келіп түскен жеделхаттар мен хаттар
Елорда күніне және Елбасының туған күніне байланысты келіп түскен жеделхаттар мен хаттар
Ресей Федерациясының президенті Владимир Пу­тин Елбасына арнайы бейнеқұттықтау жолдады. «Мен біздің көпжылдық достығымызды қадір­лей­мін және мақтан тұтамын. Алғашқы кездесуімізден бас­тап арамызда ашықтығымен және кез келген күр­делі мәселелерді бірлесіп шешуге дайын болуы­мызбен ерекшеленетін шынайы жолдастық қарым-қа­тынас орнады. Сіздің даналығыңыз бен көрегендігіңізді, зор жауап­кершілігіңіз бен салмақтылығыңызды, өмірлік және басқару тәжірибеңізді жұртшылық мойындады. Сіз өз еліңізде және Ресейде, сондай-ақ бүкіл әлемде көр­некті мемлекет қайраткері және нағыз көшбасшы ретінде жоғары беделге ие болдыңыз. Осы жылдардың ішін­де Сіз ұлттық келісімді, тарихи, мәдени дәс­түр­лер­ді сақтай отырып, Қазақстанның тұрақты дамуы­на, болашаққа нық сеніммен қадам басуына зор еңбек сіңірдіңіз», – деді Владимир Путин. Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев өз хатында Мемлекет басшысы ретіндегі ұзақмерзімді және же­міс­ті қызметі барысында Елбасы тек Қазақстанда ғана емес, халық­аралық аренада да зор құрмет пен беделге ие болғанын атап өтті. «Сіз ең күрделі тарихи кезең­де елді тиімді басқардыңыз, Қа­зақстанның жаңа тарихы мен тағ­дыры Сіздің атыңызбен тығыз бай­ланысты. Зор күш-жігеріңіз­дің, парасатты және көреген бас­­шы­­лы­ғыңыздың арқасында Қа­зақстан Республикасы өзінің үлкен экономи­калық және зият­­керлік әлеуетін тиімді пай­да­­ла­нып, бүгінде әлемдегі ең қар­­қын­ды дамып келе жатқан елдердің біріне айналды», – делін­ген же­делхатта. Испания Королі Фелипе жедел­хатында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Рес­публи­касының қалып­тасуы мен дамуына, халық­тың әл-ауқатын қамтамасыз етуге қосқан үлесін ерекше атап өтті. «Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге Испанияға деген ерекше көңіліңіз бен біздің ел­деріміздің арасындағы берік қа­тынастарға қол жеткізуге қосқан жеке үлесіңіз үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ Сізге зор құрметімді білдіремін», – делінген Испания Королінің құттықтауында. Монако князі II Альбер Ел­басын мерейтойымен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан халқына мықты ден­саулық пен бақ-береке тіледі. Молдова Республикасының президенті Игорь Додон Қа­зақ­станның Тұңғыш Президентінің жоғары саяси беделі алдағы уа­қытта да елдің тұрақты дамуына қызмет ететініне сенім білдірді. Чехия Республикасының пре­зиденті Милош Земан өзі­нің жеделхатында Нұрсұлтан Назарбаев­тың тәуелсіз Қазақстан­ның дамуы жолындағы сіңірген еңбегін атап өтті. «30 жылдың ішінде Сіздің басшы­лығыңызбен Қазақстан көптеген жетістікке қол жеткізді. Біздің елдеріміздің арасында ұзақ уақыттан бері достық қарым-қатынастың жалғасып, көптеген салалардағы ынтымақтастық екі жаққа да пайдасын тигізе оты­рып, дамып жатқанына өте қуаныш­тымын», – делінген Милош Зе­манның жеделхатында. Ауғанстан Ислам Респуб­ликасының президенті Ашраф Ғани өз жеделхатында Елбасының екіжақты қатынастарды дамы­туға және мемлекетаралық ын­тымақтастықты нығайтуға қосқан ерекше үлесін атап өтті. Израиль мемлекетінің пре­мьер-министрі Биньямин Не­таньяху Елбасын мерейтойымен құттықтап, екі ел арасындағы қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. «Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан Республикасы көп­са­лалы экономикасы бар заманауи, жарқын елге айналды. Бұл шын мәнісінде Орталық Азия және одан тыс жерлер үшін өте маңызды фактор. Мен Сізге ұзақ ғұмыр, денсаулық пен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.