Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ең қиын шақта ел басқарған Елбасыға шетелдің президенттері жеделхат жолдады

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына Елорда күні мен Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай көптеген хаттар келіп түсуде, – деп жазады elbasy.kz.

Нұрбек БАҚЫТ
Шілде 3, 2020
Жаңалықтар, Саясат
жеделхат, Елбасы, елорда

Фото: Интернеттен алынды

28
қаралым

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Елбасына арнайы бейнеқұттықтау жолдады.

«Мен біздің көпжылдық достығымызды қадірлеймін және мақтан тұтамын. Алғашқы кездесуімізден бастап арамызда ашықтығымен және кез келген күрделі мәселелерді бірлесіп шешуге дайын болуымызбен ерекшеленетін шынайы жолдастық қарым-қатынас орнады.

Сіздің даналығыңыз бен көрегендігіңізді, зор жауапкершілігіңіз бен салмақтылығыңызды, өмірлік және басқару тәжірибеңізді барша жұрт мойындады. Сіз өз еліңізде және Ресейде, сондай-ақ бүкіл әлемде көрнекті мемлекет қайраткері және нағыз көшбасшы ретінде жоғары беделге ие болдыңыз. Осы жылдардың ішінде Сіз ұлттық келісімді, тарихи, мәдени дәстүрлерді сақтай отырып, Қазақстанның тұрақты дамуына, болашаққа нық сеніммен қадам басуына зор еңбек сіңірдіңіз», – деді Владимир Путин.

«Мылтықсыз» майдандағы күрес

Елорда «қызыл аймаққа» өтті

Елбасының атына Nur Otan партиясының жеңісіне орай бірнеше елдің басшыларынан құттықтау хаттар келіп түсті

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев өз хатында Мемлекет басшысы ретіндегі ұзақ мерзімді және жемісті қызметі барысында Елбасы тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық аренада да зор құрмет пен беделге ие болғанын атап өтті.

«Сіз ең күрделі тарихи кезеңде елді тиімді басқардыңыз, Қазақстанның жаңа тарихы мен тағдыры Сіздің атыңызбен тығыз байланысты. Зор күш-жігеріңіздің, парасатты және көреген басшылығыңыздың арқасында Қазақстан Республикасы өзінің үлкен экономикалық және зияткерлік әлеуетін тиімді пайдаланып, бүгінде әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне айналды» делінген жеделхатта.

Испания Королі Фелипе жеделхатында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына, халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге Испанияға деген ерекше көңіліңіз бен біздің елдеріміздің арасындағы берік қатынастарға қол жеткізуге қосқан жеке үлесіңіз үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ Сізге зор құрметімді білдіремін» делінген Испания Королінің құттықтауында.

Монако князі II Альбер Елбасын мерейтойымен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан халқына мықты денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жоғары саяси беделі алдағы уақытта да елдің тұрақты дамуына қызмет ететініне сенім білдірді.

Чехия Республикасының Президенті Милош Земан өзінің жеделхатында Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның дамуы жолындағы сіңірген еңбегін атап өтті.

«30 жылдың ішінде Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан көптеген жетістікке қол жеткізді. Біздің елдеріміздің арасында ұзақ уақыттан бері достық қарым-қатынастың жалғасып, көптеген салалардағы ынтымақтастық  екі жаққа да пайдасын тигізе отырып, дамып жатқандығына өте қуаныштымын» делінген Милош Земанның жеделхатында.

Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғани өз жеделхатында Елбасының екіжақты қатынастарды дамытуға және мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан ерекше үлесін атап өтті.

Израиль Мемлекетінің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяху Елбасын мерейтойымен құттықтап, екі ел арасындағы қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

«Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан Республикасы көпсалалы экономикасы бар заманауи, жарқын елге айналды. Бұл шын мәнісінде Орталық Азия және одан тыс жерлер үшін өте маңызды фактор. Мен Сізге ұзақ ғұмыр, денсаулық пен бақ-береке тілеймін» делінген жеделхатта.

 
Тегтер: ЕлбасыЕлордажеделхат
Алдыңғы жаңалық

Теңге vs Bitcoin: ақтық сын басталды

Келесі жаңалық

«Дәрі де, дәрігер де тапшы»

Ұқсас жаңалықтар

Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды
Жаңалықтар

Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

Қаңтар 20, 2021
Намазалы Омашевтың таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді
Жаңалықтар

Намазалы Омашевтың таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді

Қаңтар 20, 2021
Маңғыстауда төртем дүниеге келді
Жаңалықтар

Маңғыстауда төртем дүниеге келді

Қаңтар 20, 2021
Біртанов: Коронавирус 2022 жылға дейін жалғасады
Жаңалықтар

Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды

Қаңтар 20, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

Қаңтар 20, 18:27

Намазалы Омашевтың таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді

Қаңтар 20, 17:54

Маңғыстауда төртем дүниеге келді

Қаңтар 20, 17:36

Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды

Қаңтар 20, 17:21

Президент Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады

Қаңтар 20, 16:43

Ғалым коронавирус қашан толық жойылатынын айтты

Қаңтар 20, 16:33

СҚО-да жалғыз үй тұратын ауылда патриоттық челлендж өткізілді

Қаңтар 20, 16:10
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

Қаңтар 20, 2021
Намазалы Омашевтың таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді

Намазалы Омашевтың таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді

Қаңтар 20, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»