Еріктілер алғысхат алды
Еріктілер алғысхат алды
«Nur Otan» партиясының көшбасшысы қол қойған алғыс­хаттар 13 еріктіге тапсырылды. Олардың арасында  бизнес, қоғам­дық бірлестік өкілдері, журналистер, спортшылар, мәдениет қай­раткерлері бар. Барлығы облыс бойынша 87 адам марапатқа ие болды. – Вирус жұқтыру қаупіне, ауа райы жағдайына және басқа да қиын­дықтарға қарамастан, еріктілер мұқтаж азаматтардың үйле­рін аралап, оларды азық-түлікпен, антисептикалық құралдармен қамта­масыз етті. Оларға құрмет көрсету керек. Өйткені еріктілер үзіліссіз, демалыссыз жұмыс істеді, күн сайын 6-7 мекенжайды аралап шықты, өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін, мұқтаж адамдарға көмек көрсету ниетін білдірді. Біздің волонтерлеріміз 2020 жылды «Волонтерлер жылы» деп олардың құрметіне бекер жарияламағанын іспен дәлелдеді. Риясыз және адал еңбектеріңіз үшін біз сіздерге алғыс білдіреміз, – деді партияның аймақтық филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов. Елбасы атынан алғыс алғандардың арасында  «Моржи Petropavlovsk 15» бірлестігінің жетекшісі Ерік Мағамбетов те бар. Ол каран­тин кезінде аталған бірлестік мүшелерімен бірлесіп Петропавлда тұратын 70 отбасыға көмек көрсетті. – Елбасының алғысхатымен марапатталғаныма қуанышты­мын. Бізге көмектесіп, азық-түлік жинауды жүзеге асырған адам­дар­ға рақмет айтқым келеді. Біз Instagram әлеуметтік желісінде үндеуін жарияладық, көптеген адам біздің үндеуімізге үн қосты, бізге көп қаражатты сеніп тапсырды. Барлық ақша мұқтаж жан­дарға жеткізілді. Нұротандықтарға қайырымдылық жұмыстарын ұйымдастыра білгені үшін алғыс білдіремін. Қиын кезеңде де біз бірге екенімізді  дәлелдедік, – деп атап өтті Ерік Мағамбетов. Естеріңізге сала кетейік, BizBirgemiz акциясы Солтүстік Қазақ­стан облысында 18 наурызда басталған болатын. Ол мұқтаж аза­маттарға азық-түлік, бірінші қажеттілік тауарлары, анти­сеп­тикалық және қорғаныс құралдары түрінде көмек көрсетуге ба­ғыт­талған. Өңірдің 2,5 мыңнан астам тұрғынына көмек көрсетілді. Сонымен қатар Birgemiz қоғамдық қорынан өңірдің мұқтаж тұр­ғындарына 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көр­сетілді. Төртінші кезең барысында да Петропавл және облыс ау­дандарының 18 800-ден астам тұрғыны 944 млн теңге сомасында қол­дау алды.  

Әбілмансұр ЖАСАН