«Шенеуніктерді ауруханаға жатқызу бойынша жеке тәртіп жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің бәрі де – саяси болсын, әкімшілік қызметкерлер болсын ауру дәрежесіне қарай инфекциялық стационарларда ем алып жатыр», – деді Айжан Есмағамбетова. Оның айтуынша, ауруды орташа және жеңіл өтікізіп жатқан азаматтар үйінде амбулаториялық ем алады.
«Ведомстволық ауруханаларда инфекциялық ауруларды емдеу қарастырылмаған. Олардың бұл жұмысты жүргізетін лицензиясы жоқ. Сол себепті мемлекеттік қызметкерлер де жалпы тәртіп бойынша ем жасалады», – деді ол.