Жорға дуадақ саны өсіп келеді
Жорға дуадақ саны өсіп келеді
797
оқылды
Жуырда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман  шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Жорға дуадақтарды қорғаудың  халықаралық қоры жабайы табиғатқа  4 160 жорға  дуадақты жіберді. Орман  шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің жазуына  қарағанда  бұл дуадақтардың 3 236-сы Біріккен Араб Әмірліктерінің  тәлімбағында  өсірілсе, 924 дуадақ Түркістан облысындағы отандық тәлімбақта өскен.  Олар  Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда  облыс­тары аумақтарына  жіберілген. Жалпы, елімізде жорға дуа­дақты табиғатқа  жіберу ісі он шақты жыл бұрын басталды. Мәселен, 2009-2019 жылдар аралығында  табиғатқа 20 489 жорға дуадақ пен 625 сұңқар  жіберілді. Олардың табиғатта тірі қалу мүмкіндігі шамамен 50 пайыздай болған.  Әрі әу баста қолда өсірілгендерінің күзде жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта оралғанда мүлдем жабайы құсқа айналатыны, өз беттерінше ұя салып, жұмыртқа басатыны байқалған.  Ал Қазақстан мен Жорға дуадақтарды қорғаудың халықаралық қоры келісімге келіп осынау құсты өсіру шарасын бірге  ұйымдастырып келеді.  

Ардақ СҰЛТАН