Жол апатын азайтудың амалы қайсы?
Жол апатын азайтудың амалы қайсы?
5,135
оқылды

Қазір жол апаты қанша адамның өмірін жалмап жатыр десеңізші?.. Адам қауіпсіздігі үшін жолдарда түрлі жүйелер енгізіліп жатқаны белгілі. Бірақ өкінішке қарай, жолдағы қайғылы жағдай әлі де азаймай тұр.

Биылғы маусым айына дейінгі дерек бойынша елімізде жол апатынан 850-ге жуық адам көз жұмған. 9 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған. Жалпы, әлем бойынша жылына шамамен 1 млн 240 мың адам көлік апатынан қаза табады екен. Енді бұл мәселені қалай шешуге болады? Көбімізді толғандыратын нәрсе де осы.

      QazAvtoJol ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ұлан Әліпов  журналистермен болған кездесуде аталған компания еліміздегі адам қауіпсіздігін басты назарға алып, өз стратегиясын қайта қарап жатқанын мәлімдеді.     

–Қазіргі кезде автожолда қайғылы оқиға көп. Өлім-жітім көрсеткішін 0-ге жеткізу мақсатында біз Zero Vision жүйесін енгізбекшіміз. Біздің барлық ұлттық стандарттарға өзгерістер енгізу керек. Осы жұмысты биылғы жылы бастаймыз, – деді ол.

      Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ