Хабиб Нурмагомедовтың әкесі қайтыс болды
Хабиб Нурмагомедовтың әкесі қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов дүниеден озды. Бұл туралы Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров Telegram-каналында мәлімдеді. «Достар, Абдулманап Нурмагомедовтің дүниеден өткені туралы қайғылы хабар келді. Мен бүкіл шешен халқының атынан Абдулманап Магомедовичтің отбасына, туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамын. Ол арамыздан ерте кеткенімен, кейінгі жұртқа жақсы атын қалдырған. Білікті бапкер әрі лайықты ұрпақ өсірген әке ретінде біздің есімізде қалды», – деп жазылған хабарламада. Бұған дейін 57 жастағы Абдулманап Нурмагомедовтің 25 сәуірде Дағыстанда ауруханаға түсіп, пневмония диагнозы қойылғаны хабарланған болатын. 3 мамыр күні оның денсаулығы күрт нашарлап, Мәскеуге жеткізілген. Ол жерде Абдулманаптың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Артынша Нурмагомедовтің комаға түскені белгілі болған еді.