Азар «Реал» сапындағы алғашқы ойынын өткізді (видео)
Азар «Реал» сапындағы алғашқы ойынын өткізді (видео)
5,156
оқылды

"Реал" келесі ойынын "Арсеналмен" өткізеді

Хьюстонда өтіп жатқан халықаралық чемпиондар кубогында мадридтік «Реал» мюнхендік «Бавариямен» кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Мадридтіктердің жаңа ойыншысы Эден Азар бұл матчта алғаш рет алаңға «Реал» жейдесімен шығып, өнер көрсетті. Сондай-ақ бұл кездесуде «Реалдың» жапониялық жаңа ойыншысы Такефуса Кубо да алаңға шықты. Ойындағы бірінші голды 15 минутта Корентин Толиссо соққан. Одан кейін 67 минутта Роберт Левандовски мергендік танытты. Араға екі минут салып Серж Гнабри өз командасының мерейін үстем етті. «Реал» сапынан Родриго ғана есеп айырмасын қысқарта алды.

Турнир аясында бұған дейін «Бавария» лондондық «Арсеналдан» 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді. 24 шілде күні неміс командасы «Миланмен» кездессе, «Реал» лондондық «Арсеналмен», одан кейін мадридтік «Атлетикомен» ойнайды.

https://youtu.be/Rzg7HiJ2ypY