Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың қан үлгілері негізінде коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу туралы хабарламаны жоққа шығарды. Бұндай мәлімет "Панорама" атты ресейлік сатиралық сайтта пайда болды. Онда бұл вакцинаны Қазақстан Ғылым Академиясы әзірлеп жатқаны айтылған.
"Назарбаевтың қан материалдары негізінде коронавирустық инфекциядан вакцина әзірлеу туралы желіде тараған мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына тиісті сараптама жүргізу және оның одан әрі таралуына жол бермеу бойынша барлық шараны қабылдау тапсырылды", - делінген министрліктің хабарламасында.Министрлік өкілдері қазақстандықтарды әлеуметтік желілер мен интернеттегі жалған мәліметтерге сенбеуге және тек ресми дереккөздерден ақпарат алуға шақырады.