Елбасы туралы жаңа фильм көрсетіледі
Елбасы туралы жаңа фильм көрсетіледі
6 шілде - Елбасының туған күнінде «Хабар» телеарнасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа деректі фильмді көрермен назарына ұсынады. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі  хабарлады. «Жалпы барлық жерде және әлемнің кез келген түкпірінде биліктің ауысуы – қауіпті сәт. Барлық уақытта да осынау сәтте катаклизмдер, тәртіпсіздіктер болып, барлық саяси күштер бас көтереді, әрқайсысы пайдаланып қалуға тырысады. Мен мұны ескердім...», - деді Нұрсұлтан Назарбаев тілші Айгүл Әділоваға берген сұхбатында. Сондай-ақ фильм барысында коронавирус жайында сөз қозғалады. Айта кетсек, індетке Елбасының өзі де шалдығып қалған болатын. «Осынау коронавирус биліктің мықты вертикалы бар жерде, басқарылатын жерде – індетті еңсеруге болатынын көрсетіп берді. Бұл оңай мәселе емес. Адамдар өліп жатыр. Жедел әрі табанды шешімдер қабылдау қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі мен журналист Айгүл Әділованың арнайы жобасы – «Пусть следующие поколения сделают лучше меня...» деп аталатын деректі фильм 6 шілде күні «Хабар» телеарнасының эфиріне шығады. https://www.instagram.com/p/CCLeAauHNEE/