Карантин: Қоғамдық көлік таңғы және кешкі уақытта ғана қатынайтын болады
Карантин: Қоғамдық көлік таңғы және кешкі уақытта ғана қатынайтын болады
© сурет интернеттен алынды
Қазақстанда 5 шілдеден бастап енгізілетін жаңа карантин кезінде қоғамдық көліктің жұмыс уақыты шектеледі. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың қаулысында жазылған. Қоғамдық көлік таңғы және кешкі уақытта ғана қатынайтын болады.
"Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар қоғамдық көліктердің жұмыс уақытын шектеуді (06:00 - 10:00 және 17:00 - 21:00) қамтамасыз ету керек. Қоғамдық көліктегі жолаушылар саны 50%-тен аспауы тиіс", - делінген хабарламада.
Өңірлер арасында жеке көлікпен жүруге тыйым салынған жоқ. Қаулы 5 шілде күні сағат 00 сағат 00 минутта күшіне енеді.