Карантин кезінде 71 жемқорлық қылмыстың беті ашылды
Карантин кезінде 71 жемқорлық қылмыстың беті ашылды
© сурет интернеттен алынды
5,156
оқылды
Карантин кезінде 71 жемқорлық қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция департаментінің басшысы Лейла Йылдыз онлайн-брифингте хабарлады.
«Карантин кезеңі біз үшін ерекше мезгіл болды. Мониторинг жеке бағыт ретінде бөлек қарастырылды. Біз қызметкерлердің бір бөлігін қашықтан жұмыс істеуге жібердік. Дегенмен, онлайн режимде алдын алу және ақпараттық жұмыстарды сапалы жаңа деңгейге көтере алдық. Індетпен күреске бөлінген қаражаттың жұмсалуына, әлеуметтік маңызы бар нысандарға - базарларға, дүкендерге, блокпостарға азаматтық қоғам мен «Adaldyq alańy» өкілдерінен жасақталған арнаулы мониторинг тобымен бақылау жасауға басымдық бердік», - деді ол.
Оның айтуынша, аталған уақыттың ішінде агенттіктің құқық қорғау қызметі жүйелі жемқорлық фактілерінің, індетпен күреске бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуы барысында заңға қайшы әрекеттердің алдын алуға бағытталды.
«71 жемқорлық қылмысы анықталды. Олардың басым бөлігі блокпостар арқылы заңсыз өткізгені және карантин шараларын бұзғаны үшін жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік бергені үшін пара алумен байланысты», - деді Лейла Йылдыз.