Алматы облысында ер азамат зейнеткерді ұрып өлтірген
Алматы облысында ер азамат зейнеткерді ұрып өлтірген
©Сурет интернеттен алынды
5,121
оқылды
Күдіктіні Алматы облысының полицейлері ұстаған екен. Бұл жайында облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарлады.
Тергеу ісі бойынша ер азамат 77 жастағы зейнеткердің үйіне кіріп, оны тепкілеп кеткен. Қылмыскер жаркент қаласының тұрғыны екен.
Жәбірленуші бірден ауруханаға түскен. Алайда ол қатты соққының зардабынан қайтыс болды.
 «Қылмыстың нақты себебі тергеу барысында белгілі болады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, қылмыс жасаған күдікті ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда»  делінген департаменттің хабарламасында.