Дәрігер пандемия кезінде салқын душ қабылдауға кеңес берді
Дәрігер пандемия кезінде салқын душ қабылдауға кеңес берді
©Сурет интернеттен алынды
259
оқылды
Салқын душ иммунитетті күшейтіп, ағзаны түрлі аурулардан қорғайды. Бұл туралы «Росбалт» агентігі хабарлайды.
Бұл пікірді Склифосовский Сеченов атындағы клиникалық медицина институтының физиология кафедрасының меңгерушісі Алексей Умрюхин айтты.
Оның айтуынша, салқын душ бойға қан жүгіртіп, ағзаны жаттықтырады. Сол арқылы ағза бойдағы бактерия мен вирусқа қарсы тұра алады.
Сонымен қатар, дәрігер ыстық суды өшіргенде ғана салқын сумен жуынып қоюға болмайды. Оның айтуынша, салқын сумен жыл он екі ай түсе беруге болады екен.
Ал енді кімге қанша мөлшерде түсу керегі әр адамның ағзасына байланысты. Жалпы, қатты күйзелісте немесе сырқаттанып жүрген адамға салқын душ қабылдаудың қажеті жоқ.