Еркебұлан Сейдахмет «Қайрат» сапындағы алғашқы голын соқты (видео)
Еркебұлан Сейдахмет «Қайрат» сапындағы алғашқы голын соқты (видео)
200
оқылды

Шабуылшыға нәтижелі пасты Исламхан шығарып берді

Алматының Орталық стадионында Қазақстан премьер-лигасының 19 туры аясында «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» кездесіп, матч алматылық ұжымның 5:3 есебімен жеңісімен аяқталды. Осы кездесуде алматылық команданың жаңа ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет өзінің алғашқы голын салды.

Әуелде жақында ғана бас бапкерсіз қалған қостанайлықтар 2:0 есебімен атойлап алға шыққан. 14 минутта Артурас Жулпа есеп ашса, 31 минутта Максим Федин мергендік танытты.

Алайда бірінші таймға қосылған қосымша минутта сол қанаттан Бауыржан Исламхан шығарған пасқа бірінші жеткен Еркебұлан Сейдахмет «Тобыл» қақпашысын қапы қалдырды. Бұдан кейін 74 және 79 минутта Мартон Эппель дубль жасады. Ал 82 минутта украиналық шабуылшы Эсеола төртінші голды соғып, «Қайратқа» біржола басымдық сыйлаған.

Ал «Тобылдың» ивуарлық шабуылшысы Сенин Себаи 84 минутта есеп айырмасын қысқартқан. Бірақ «Қайраттың» қарқыны мұнымен де тоқтамапты. 86 минутта «Тобылдың» литвалық қорғаушысы Витаутас Андрюшкявичюс алаңнан қуылып, ал Бауыржан Исламхан пенальтиді сәтті орындап, кездесу нүктесін қойды.

Дегенмен осы уақытқа дейін 39 ұпай жиған «Тобыл» турнир кестесіндегі бірінші орынын сақтап қалды. Алайда «Астана» мен «Қайрат» қостанайлық клубтан тек бір ұпайға ғана қалып келе жатыр.

https://youtu.be/Ng-mRLGfTKw