Түркістанда өгей әке 3 жыл бойы қызын зорлап келген
Түркістанда өгей әке 3 жыл бойы қызын зорлап келген
©Сурет интернеттен алынды
Өгей әкенің атына арыз жазып, қылмысын әшкерелеген туған қызы екен. Арыз 20 маусымда жазылған.
«Бәрі 2016 жылы басталды. Ол кезде 6-сыныпта оқып жүргенмін. Қорыққаннан оның айтқанының бәрін істедім. Соның өзінде мені қорқытуын тоқтатпады. Бірде үйде ешкімнің болмағанын пайдаланып, мені жатын бөлмеге шақырып алды. Сол жерде мені тыр жалаңаш шешіндіріп, зорлады. Ол -  2018 жыл еді» дейді өгей қыз.
Жасөспірімнің айтуынша, бұл жағдайды анасы жақсы білген екен. Әпкесі, өгей әкесінің туған қызы мұның тағдырын қайталамас үшін бәрін айтып беруге бекінген.
Қазір жәбірленушімен мектеп психологы күн сайын жұмыс істеуде. Психолог қыздың айтқанын растап және ол жағдайды барынша түсініп отырғанын жеткізді.
Полиция департаменті арызды қабылдап, 22 маусымда Түркістан Полициясының УДРП-да тіркелгенін және 121-бабы «Сексуалды зорлық-зомбылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.