Маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болған
Маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болған
©Сурет интернеттен алынды
126
оқылды
Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылғы маусымда пневмониямен ауырғандардың саны төрт есе өскен. Бұл туралы елдің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова хабарлады.
«Пневмониядан қайтыс болғандардың саны былтырғы жылдың 6 айымен салыстырсақ, үлкен айырмашылық жоқ. Мәселен, 2019 жылдың алты айында 1780 жағдай болса, 2020 жылдың алты айында – 1772. Ал биылғы маусымда пневмониядан қаза болғандар саны 628-ге дейін өсті» дейді ол.
Оның айтуынша, пневмониямен ауырғандар саны 55 пайызға өскен. Ал маусым айының өзінде төрт есе өсіпті.
Естеріңізде болса, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1 шілдеде Қазақстандағы коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар жайында мәліметті жариялаған. Онда бір күнде коронавирустан 10 пациент, пневмониядан 20 адам қайтыс болған.