Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылғы маусымда пневмониямен ауырғандардың саны төрт есе өскен. Бұл туралы елдің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова хабарлады.
«Пневмониядан қайтыс болғандардың саны былтырғы жылдың 6 айымен салыстырсақ, үлкен айырмашылық жоқ. Мәселен, 2019 жылдың алты айында 1780 жағдай болса, 2020 жылдың алты айында – 1772. Ал биылғы маусымда пневмониядан қаза болғандар саны 628-ге дейін өсті» дейді ол.Оның айтуынша, пневмониямен ауырғандар саны 55 пайызға өскен. Ал маусым айының өзінде төрт есе өсіпті.
Естеріңізде болса, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1 шілдеде Қазақстандағы коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар жайында мәліметті жариялаған. Онда бір күнде коронавирустан 10 пациент, пневмониядан 20 адам қайтыс болған.