Түркістан облысында кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған екі адамның бірі іздестірілуде. Оқиға Сарыағаш қаласында болған. Қарақшылар "Газель" көлігіне мінген ер адамды қарумен қорқытып, 700 мың теңгеге жуық ақша салынған сөмкесін тартып алып, қашып кеткен. Екеуі де бетперде киіп алған екен. [embed]https://youtu.be/n2Lvkbo2Lf4[/embed]
Бейнекөріністе күдіктілердің әрекеті айқын көрініп тұр. Олар ақшаны алысымен, көлікке отырып, белгісіз жаққа бой тасалаған.Облыстық полиция департаментінің білікті мамандары сарыағаштық әріптестерімен бірлесіп, сезіктілердің бірін Шымкенттегі жалдамалы пәтерден тауыпты. Ол бұған дейін 3 рет сотталған. Өзі сол қаланың тұрғыны екен.
"Оқиға орнына бұлар жалған мемлекеттік автокөліктің номерімен барған. Аталған номерді қылдмыстан алдын бір күн бұрын Шымкентте көшеден жасырын ұрлап кеткен. Қазіргі таңда, қасында болған екінші сыбайласы анықталып, ұстау жұмыстары жүргізілуде" дейді Түркістан облыстық полиция департаменті басқарма басшысының орынбасары Сұлтанбек Үсіпбеков.