Тұрғындар жаңа пәтерге қоныстанды
Тұрғындар жаңа пәтерге қоныстанды
Сол кездесуде тозығы жеткен үй тұрғындарын жаңа үйге қоныстандыруға партия­ның күш салатыны айтылған болатын.  Партиялықтар берген уәделерін орындап, бір жылдан кейін тұрғындар жаңа үйге қо­ныстанды. Жаңа пәтерде жаңа өмірді бастаған үй иеле­рі­нің партияға айтар алғы­сы шек­сіз. – Жаңа үйге қоныстанған тұрғын­дардың қуанышында шек жоқ. Баспана­мыздың іші де жайлы. Біздің сөзімізге құлақ асқан, халықтың жағдайын ойла­ған партиялықтарға ризашылығы­мызды білдіреміз, – деді тұрғындар. Осылайша, 9 қабатты 90 пәтерлік үйге 24 отбасы көшіп келді. Жаңа мекендегі балалар алаңы да бүлдіршіндердің көңілінен шыққан. Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы әзірге Батыс Қазақстан облысында ғана жүзеге асырылып жатыр. Халықтың тұрмысын түзеп, мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтуды мақсат еткен нұр­отан­дықтар бұл белесті де бағынды­ра­ты­нына сенімді. – Бұл үй «Бақытты отбасы» жобасы­ның аясында мемлекеттік-жекеменшік  әріп­тестік аясында салынды.  Болашақта  24 пәтерден бөлек, осы жерде тозығы жеткен үйде тұратын 70 пәтер иесін кө­шіру ойда бар. Яғни, алдағы уақытта тағы да 477 пәтердің құрылысы жоспар­ла­нып отыр, – деп атап өтті «Nur Otan» партиясы  БҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев.  

Абылайхан ЖҰМАШ