Сол кездесуде тозығы жеткен үй тұрғындарын жаңа үйге қоныстандыруға партияның күш салатыны айтылған болатын. Партиялықтар берген уәделерін орындап, бір жылдан кейін тұрғындар жаңа үйге қоныстанды. Жаңа пәтерде жаңа өмірді бастаған үй иелерінің партияға айтар алғысы шексіз. – Жаңа үйге қоныстанған тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Баспанамыздың іші де жайлы. Біздің сөзімізге құлақ асқан, халықтың жағдайын ойлаған партиялықтарға ризашылығымызды білдіреміз, – деді тұрғындар. Осылайша, 9 қабатты 90 пәтерлік үйге 24 отбасы көшіп келді. Жаңа мекендегі балалар алаңы да бүлдіршіндердің көңілінен шыққан. Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы әзірге Батыс Қазақстан облысында ғана жүзеге асырылып жатыр. Халықтың тұрмысын түзеп, мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтуды мақсат еткен нұротандықтар бұл белесті де бағындыратынына сенімді. – Бұл үй «Бақытты отбасы» жобасының аясында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынды. Болашақта 24 пәтерден бөлек, осы жерде тозығы жеткен үйде тұратын 70 пәтер иесін көшіру ойда бар. Яғни, алдағы уақытта тағы да 477 пәтердің құрылысы жоспарланып отыр, – деп атап өтті «Nur Otan» партиясы БҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев.
Абылайхан ЖҰМАШ