Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Университет таңдадың ба, жас түлек?

ҰБТ тапсырып, кім боламын деген сұраққа жауап тапқан талапкердің алдында тағы бір таңдау күтіп тұр.  Бәсекеге қабілетті білім жию үшін қай университетті таңдамақ керек? Жоғары оқу орындары арасындағы артықшылықты анықтауда нені ескерген жөн?

«Айқын» ақпарат
Шілде 4, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
abityrent
260
қаралым

21 маусым 1 шілде аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу өтті. Ал шілде айының 13-нен 20-сына дейін  талапкер қамданып, жоғары оқу орнына құжат тапсыруы тиіс.  Бұл аралықта мемлекеттік оқу гранты конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталады. Шығармашылық мамандық таңдаған талапкер сәл ертерек қимылдағаны жөн. Өйткені 20 маусымнан 7 шілдеге дейін шығармашылық білім беру бағдарламалар тобына құжат қабылдайды. Олар 8-13 шілде аралығында тиісті емтиханын тапсыруы керек. Осы тұста үлкен сұрақ туады. Жоғары оқу орнын таңдаудың критерийі бар ма?

Жоғары оқу орнын таңдамас бұрын қандай мамандықта оқуды қалайтыныңды шешіп алған дұрыс. Сонда «пазл» жинау жағы оңайға түседі. Біразымыз университет таңдау кезінде рейтингке жүгіретініміз белгілі.  Осындайда Ұлттық тестілеу орталығы көмекке келеді. Ма­мандық мәселесін шешіп, арнайы код арқылы қай университетте үздік көрсеткіш барын білуге болады. Сайтта университет  түлектерінің мансаптық перспективасы, сараптамалық бағалау мен жетістіктер бойынша бағасы көрсетілген. Таңдаған мамандығыңыз бойынша орташа жалақы, жұмыспен қамту деңгейі мен жұмыс іздеу ұзақтығы туралы да ақпар бар. Соған сай кішігірім зерттеу жүргізесіз.

«Атамекен» ҰҚП-да түлектер үшін жыл сайын білім беру бағарламаларының рейтингін түзеді. Мұнда сіз бар мамандық бойынша университет аужайын бақылайсыз. Мәселен, кәсіпкерлер палатасының рейтингі журналистика мамандығы бойынша Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін 1-орынға қойған.

Жатақхана жыры: баспанасыз студент қайда барады?

Жоғары оқу орындарының саны неге қысқарып жатыр?

Дулати университетіндегі дау: Кім кімге күйе жағып жатыр?

Аталған рейтинг мәселесіне қа­тысты іздену керегін Daryn.online білім платформасының директоры Асқар Мақсат та атап өтті.

«Биыл 80 мың түлек шекті балдан асқанын айтып жатыр. 53 мың грант бөлінетін болса, бір орынға 1,5 бала таласады деген сөз. Бұл – үлкен мүмкіндік. Талапкер жүйелі түрде мамандық таңдаса, грантқа оқуға түсуге болады. Ең бірінші, таңдаған мамандығыңа сай университет «кілтін» тауып алған дұрыс. Мұндайда ақпаратпен дос болып, статистиканы жіті қадағалаған жөн. Елімізде жоғары оқу орындарының айнасына айналған мамандық түрі көп. Мәселен, IT программист болғың келсе, онда Халықаралық IT университетін таңдағаның дұрыс. Математиканы мықты меңгергің келсе, ҚазҰУ-дың механика-математика факультетіне тапсыр. Бизнестің қыр-сырын терең түсінгің келсе, КИМЭП-ке бар. Кез келген университеттің мамандыққа сай «визит-карточкасы» болады. Соны адаспай тапсаң, болашағың жарқын болмақ. Айтқаным барлық жоғары оқу орнына қатысты жайт»,  – дейді Асқар Мақсат.

Ал жоғарыдағы грант мәселесі сөз болғанда, ақылы оқу жайы бары еске түседі. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2019-2020 жылы елімізде 604,3 мың студент білім алған. Оның 424,3 мыңы ақылы бөлімде оқыған. Kursiv.kz-тің ақпаратына сүйенсек, биыл ЖОО-дағы оқу ақысы жылына 345 мың теңгеден бастап, 2,9 млн теңгеге дейін жеткен. Бір сөзбен айтқанда, оқу ақысын кез келгеннің қалтасы көтермейді. Ал осы турасында Асқар Мақсаттың тағы да айтары бар.

«Шетелдік бағдарламамен оқу тиімді. Қазір ағылшын тілін білсе де, білмесе де мүмкіндік бар. Бұған себеп Қазақстанда бір жылдық оқу құны 1 млн-нан жоғары болса, шетелде, Еуропаның бірқатар университетінде қолжетімді бағаға білім алуға болады. Сондықтан ақылы бөлімге тапсыратын талапкер тек еліміздегі университетті емес, шетелдік ЖОО-ны да қарап көрсе құба-құп. Ал грантқа түсу үшін арнайы құжат жинаса жеткілікті. Шетелде грантқа тапсыру мерзімі қыркүйек айына дейін жалғасады. Оқуды жағдайыңызға қарай қыста бастауға да мүмкіндік қарастырылған. Талапкер жан-жақты ізденіп, бар мүмкіндікті пайдаланса дей­мін», – дейді Daryn.online білім платформасының директоры Асқар Мақсат.

Иә, қазір шетелдік бағдарламалардың дәурені жүріп тұр. Интернетті аша қалсаңыз, «Канадада оқуға түскіңіз келе ме?», «Чехияда мынадай жағдай жасалған» дейтін жарнама көп. Осы ақпаратқа зер салып, амалын тапсаңыз шетелде оқуға мүмкіндік бар. Кейіпкеріміз Салтанат Төребек қазір  Познань қаласында білім алып жатыр. Ол оқу туралы хабарламаны интернеттен көрген. Артынша ізденіп, бірнеше емтихан тапсырған. Нәтижесінде Польшада тегін оқудың сәті түскен. Салтанат Ізімқызы ағылшын тілін біл­геннің артығы жоғын айтады. Мұндай мүмкіндікке тіл білгеннің арқасында жеткенін мақтан етеді. Айта кетерлігі, ол оқитын университетте стипендия төлеу жағы қарастырылмаған.

Бұдан бөлек, Еуропада, Азия елдерінде, АҚШ-та, қала берді Түркия елінде білім көкжиегін кеңейтуге болады. «Болашақ» бағдарламасынан басқа да бағдарламалар барын есте ұстаған жөн. Еліміздегі бірнеше университеттің шетелдегі беделді ЖОО-лармен келісім жасағаны тағы бар. Түсінгенге бұл да жаңаны байқап көруге болатынын нұсқайды. Мәселен, Эразмус Мундус Еуропалық одақтың бастамасымен және үдемелі қаржыландыруымен құрылған халықаралық бағдарлама. Мақсаты – студенттердің академиялық ұтқырлық бойынша жоғары білім сапасын көтеру. Бағдарлама шеңберінде Еуропа университеттерінің 90%-ға жуығы кіреді. Одан басқа талапкерлердің Чехия, Қытай, Италия, Польша мен Германия университеттеріне грантқа түсуге, ақылы бөлімге тапсыруға мүмкіндігі бар.

Жоғарыдағы мәліметке сүйенсеңіз, оқимын деген жасқа қайда болмасын есік ашық. Тек сәтті бағдарлама таңдап, ізденсеңіз жетіп жатыр. Білім төңірегінде жүрген мамандар жағдайды соңына дейін бақылауда ұстаған жөн екенін айтады. Яғни, еліміздегі ҰБТ нәтижесі мен мамандық таңдау көрсеткішін қадағалаңыз. Сонда жоғары оқу орнын таңдау қиынға соқпайды.

 

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

 

 

 
Тегтер: жас түлекталапкеруниверситетҰБТ
Алдыңғы жаңалық

Қатаң карантин: ҚР ІІМ басшысы қазақстандықтарға мәлімдеме жасады

Келесі жаңалық

5400 теңге тұратын мобильді топ қызметі тегін болады

Ұқсас жаңалықтар

вакцина
Әлеумет

«Вакциномикаға» мән беретін уақыт келді

Наурыз 3, 2021
Алматы, полицей, Тимур Қалмұрзаев
Жаңалықтар

Алматыда 9-қабаттан құлаған полицейдің анасы министрден көмек сұрады

Наурыз 3, 2021
коронавирус, ауру, науқас
Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны көбейіп жатыр

Наурыз 3, 2021
Бүркітбай Аяған
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Тәуелсіздік тариxы жаңаша зерделенуі тиіс – Бүркітбай Аяған

Наурыз 3, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Вакциномикаға» мән беретін уақыт келді

Наурыз 3, 08:30

Алматыда 9-қабаттан құлаған полицейдің анасы министрден көмек сұрады

Наурыз 3, 08:16

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны көбейіп жатыр

Наурыз 3, 08:07

Тәуелсіздік тариxы жаңаша зерделенуі тиіс – Бүркітбай Аяған

Наурыз 3, 08:00

Баспана алу үшін «Алматы жастарына» өтінім қабылдау басталады

Наурыз 3, 07:31

Жастар Zhas Project қаржысын жымқырды ма?

Наурыз 3, 07:30

«Ұлытау» әлемдік байқауда 1-орын алды

Наурыз 3, 07:00
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

вакцина

«Вакциномикаға» мән беретін уақыт келді

Наурыз 3, 2021
Алматы, полицей, Тимур Қалмұрзаев

Алматыда 9-қабаттан құлаған полицейдің анасы министрден көмек сұрады

Наурыз 3, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»