Жастар арнайы сыйлықпен марапатталды
Жастар арнайы сыйлықпен марапатталды
211
оқылды
Айта кету керек, әлемді жайлаған пандемия кезінде алматылық белсенді жастар түрлі акцияларға қатысып, өз қолғабысын аяған жоқ. Белсенді әрекетімен көзге түскен 70 жас мереке қарсаңында арнайы сыйлықтармен мара­патталды. – Алматы қалалық «Jas Otan» Жастар қанатының ұйым­дастыруымен Астана күні­не орай қала бойынша белсенді жастарға, жас дәрігер волонтерлерге арналған естелік футболкалар тапсырылды. Мұнда Елбасының бейнесі бейнеленген және қолтаңбасы кестеленіп тігілген. Естелік-сыйлықтар өзін жақсы қырынан көрсетіп жүрген белсенді жастарға бұйырды. Бұл бірінші рет осындай ауқымды шара ретінде ұйымдастырылып отыр. Сыйлықтар барлық карантин ережелерін сақтай отырып, 10-10 адамнан бөліп табысталды. Олардың арасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қол қойылған «Халық алғысы» медаліне ие болғандар бар. Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысхаттарын табыстаған болатынбыз. Алматы қаласы бойынша 250-ден астам белсенді Елбасының алғысхатына ие болды. Бұл жастардың бәрі төтенше жағдай және карантин жарияланған қиын шақта өз­дерінің үлесін қосты. Олардың көбі карантин басталғалы тегін қызмет көрсетіп келеді. Сол еңбектің нәтижесі бағаланып, еңбектері еленіп, осындай естелік-сый жасалып жатыр, – дейді «Jas Otan» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы Мәди Ахметов. Бұдан бөлек, әлеуметтік жеөліде «Ел жүрегі – Елорда» деген атаумен арнайы конкурс жарияланған. Жастар да, жалпы әлеуметтік желі қолданушылары да сол хэштэгпен сурет салып, Нұр-Сұлтан қаласына барғандағы әсері, естелік-суреттері, басынан өткен оқиғалары жайында жазып, қатыса алады. Елбасының бейнесі бейнеленген және қолтаңбасы қойылған футболкалар жеңім­паздарға табысталатын болады.  

ГүлнарГүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ