Көпбалалы аналарға үй берілді
Көпбалалы аналарға үй берілді
 «Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес,  қабылданған мемлекеттік бағдарламалар өңірімізде сәтті жүзеге асырылуда. Бүгінде Алаштың анасы атанған қасиетті мекен қарқынды құрылыс алаңына айналды. Осыдан бір ай бұрын ғана 180 пәтерлік тұрғын үйді табыстадық. Ал бүгін 160 отбасы баспанаға ие болып, қоныс тойын тойлағалы отыр. Жаңа баспаналарыңыз татулық пен берекенің ордасы болып, қуаныш пен бақыт, құт пен ырыс салтанат құрсын!», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова. 160 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысын «Жабдықтау», «Сапақ», «Нұр-Талап и К», «Астана-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүргізген. Өңір басшысы сол жағалауда жаңа қала салуды қолдап,  карантин шектеуіне қарамай, батыл қадам мен нық шешім қабылдап, тұрғын үй көтерген Сыр елінің құрылысшыларына қос мереке қарсаңында алғысхат табыстады. baspana1 Соңғы жылдары Қызылорда қаласында 12 жаңа шағынаудан, 7 тұрғын үй кешені бой көтеріп,  8,5 мыңға жуық қызылордалық баспаналы болды. Сырдария өзенінің сол жаға­лауындағы жаңа қалада соңғы екі жылда республикалық, облыстық бюджеттен 620 пәтерлік 13 көпқабатты арендалық тұрғын үй мен 240 пәтерлік 4 көпқабатты несиелік тұрғын үйдің, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардың есебінен 604 пәтерді құрайтын 14 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Биылғы жылдың соңына дейін 560 пәтерлік арендалық 11 көпқабатты үйдің және 590 пәтерлік несиелік  13 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.    width=        Миуа БАЙНАЗАР. Қызылорда облысы