"Найман" мен GGG Хабиб Нурмагомедовке көңіл айтты
"Найман" мен GGG Хабиб Нурмагомедовке көңіл айтты
©instagram/kuat__khamitov
Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов пен боксшы Геннадий Головкин UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. "Иманды болсын. Инна лилляхи уа инна иляйхи раджиун! Жақындары мен туыстарына көңіл айтамын", - деп жазды Найман Instagram желісіндегі парақшасында. "Нурмагамедовтер отбасына, досым Хабибке әкесі Абдулманап Магомедовичтің қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамын. Біз сіздермен бірге қайғырамыз", - деп жазды Головкин Twitter желісінде. Еске салайық, кеше жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедовтің дүниеден озған болатын.