Қазақстан әуе компаниялары қатаңдатылған карантин уақытында іске қосылған барлық әуерейсті сақтап қалады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев мәлімдеді. "Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес ішкі рейстер толықтай сақталады. Бүгінгі таңда біз ішкі рейстер бойынша 45 бағытта жұмыс істейміз, аптасына 500 рейс, күніне 71 рейс. Олардың барлығы сақталып, кесте бойынша жұмыс істейді", - деді Ластаев ОҚК-де өткен брифингінде.