Алматыда шектеу шаралары енгізіледі
Алматыда шектеу шаралары енгізіледі
фото: ашық дереккөз
147
оқылды
Қалада бірқатар ұйымдардың және сауда, қызмет көрсету нысандарының жұмыстары екі аптаға тоқтатылады. Жұмыс жасауға рұқсат етілгендердің санитарлық нормаларды сақтаулары қатаң бақылауға алынады. «Бүгін біз денсаулық сақтау жүйесінің материалдық техникалық базасын күшейтуді жалғастырудамыз. Провизорлық және қарантиндік орталықтарды кеңейтудеміз, медик мамандарды дайындаудамыз. Айтып өткенімдей, біздің дәрігерлерге өте үлкен салмақ түсуде. COVID-19-бен ауырған науқастар саны артуда. Сондықтан әрбір алматылықтың қарым-қатынасты, байланысты барынша шектеуі өте маңызды. Өзін-өзі оқшаулау мен санитарлық нормаларды қатаң сақтау – өмір сүрудің басты ережесіне айналуда»,– деп жазды Бақытжан Сағынтаев Facebook парақшасында. Ол өз сөзінде екі апталық шектеуден соң олардың жұмыстарын ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданады. Мемлекеттік комиссияның шешімін орындау мақсатында Қалалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен Алматы қаласының аумағында 2020 жылғы 5 шілде сағат 00.00-ден 2020 жылғы 20 шілде сағат 00.00-ге дейін қатаң шектеу шаралары енгізілді. Қала тұрғындарына эпидемиологиялық тәртіпті қатаң сақтау қажет: - 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеулер енгізіледі; - адамдарды шақырумен және шоғырландырумен байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынады (туған күндер, мерейтойлар, тойлар, астар және т. б.); - жұмыс және қоғамдық орындарда (сауда объектілері, көшелер, саябақтар, әуежай және т.б.), қоғамдық көлікте маска тағу режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілерінсіз саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың басқа да демалыс орындарына баруларына болады. Сондай-ақ ашық ауадағы жеке жаттығуларға рұқсат. Профилактикалық мақсатта көппәтерлі үйлердің подъездері мен аула аумақтарына дезинфекциялық шаралар аптасына 2 рет жүргізіледі. Сонымен бірге, көшелер мен көпшілік орындарға, көппәтерлі үйлердің ошақ анықталған подъездеріне дезинфекция жасалады. Covid-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында көрсетілген кезеңде жұқтыру қаупі жоғары келесі объектілердің қызметіне тыйым салынады: - сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және жазғы террассалары мен жеке кіретін есігі бар стационарлық тамақтану объектілерін қоспағанда; - ойын-сауық мекемелерінің (караоке, кальян, бильярд, компьютерлік клубтар, букмекерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг-орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлар қызметіне тыйым салу; - жабық азық-түлік, сондай-ақ азық-түлік емес базарлар; - жеткізу қызметін қоспағанда, 500 м²-тан асатын азық-түлік емес дүкендердің қызметіне тыйым салу; - балалардың сауықтыру лагерлері, білім беру орталықтарына, балалардың түзету кабинеттеріне, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), балалардың бос уақытын өткізетін орындар мен қосымша білім беру орындарына тыйым салу; - мәдениет нысандары, мұражайлар, театрлар, көрмелер және адамдар көп жиналатын басқа да нысандар; - діни нысандар (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалары.); - ұлттық олимпияда комитеті акредиттеген спорт базарларын қоспағанда барлық спорт объектілеріне (спорт алаңдары, кешендер, үйірмелер, секциялар бассейндер және т.б.); - СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсететін массаж кабинеттерінің қызметіне. Сондай-ақ, 3 адамнан аспайтын жеке немесе бір отбасы мүшелерін қоспағанда, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды, жиналыс, кеңес, конференция, форум, семинарлар, съездер, көрмелер, тренингтер, оқыту курстарын және адам көп шоғырландыратын басқа да іс-шараларды, сонымен қоса отбасылық, естелік үшін жасалатын іс-шаралар үйде де, ашық алаңда да (банкет, той, мерейтой, ас, құдайы тамақ және т.б) өткізуге тыйым салу. Шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг және бақылау іс-шаралары жүргізілетін болады. Карантиндік режимді және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.