Атырау, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында COVID-19 өршіп тұр
Атырау, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында COVID-19 өршіп тұр
фото: ашық дереккөз
131
оқылды
Атырау, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында COVID-19 өршіп тұр. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты. «Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясымен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. 2020 жылдың 4 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19 ауруының 45 719 жағдайы тіркелді. Бүгінгі күні аурудың симпомсыз және жеңіл өтуі 21 819 пациентте байқалады. Аурудың орташа дәрежеде өтуі 23 645 байқалып отыр. 15 276 науқас ауруханадан емделіп шықты. 30 219 науқас ем алып жатыр», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Оның атап өтуінше, соңғы айда коронавирус инфекциясымен ауырған адамдардың көпшілігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары арасында байқалады. «Соңғы тәулікте 1 644 жұқтыру жағдайы тіркелді. Көпшілігі Атырау, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының тұрғындары арасында тіркелген. 4 шілдедегі жағдай бойынша ауырған адамдардың жалпы санының 42 пайызы профилактикалық тексеру кезінде анықталған. 37 пайызы байланыста болған адамдардың арасында шықты. 19 пайызы өздігінен жүгіну кезінде және 2 пайызы сырттан келгендердің арасында табылды», - деді Айжан Есмағамбетов.