Дүниежүзілік банк Қазақстанға 500 миллион доллар береді
Дүниежүзілік банк Қазақстанға 500 миллион доллар береді
©Иллюстрация АШМ сайтынан
137
оқылды
Дүниежүзілік банк Қазақстанға мал шаруашылығын дамыту үшін 500 миллион доллар береді, - деп хабарлайды  Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайты. Дүниежүзілік банктің Директорлар кеңесі Вашингтонда (АҚШ) Қазақстан үшін дайындалған "Мал шаруашылығын тұрақты дамыту" жобасын қаржыландыру туралы шешім қабылдады. "Жоба шарты бойынша республикаға мал шаруашылығын жан-жақты дамытуға 500 миллион АҚШ доллары бөлінеді. Банк әзірлеген жоспар 5 жыл ішінде - 2021 жылдан 2025 жылға дейін жүзеге асырылуы керек. Осы кезеңде Қазақстан қоршаған ортаға теріс әсерін тигізбестен, мал етін өндірудің экспортқа бағытталған секторын дамытуға және көбейтуге міндетті", - делінген хабарламада. Жобаны іске асыруда Қазақстан үшін мүлдем жаңа қаржы құралы - нәтижеге бағытталған бағдарлама (НББ) несиесі қолданылады. Бұл механизм қарыз алушыға қаражат келісілген нәтижеге жеткен кезде ғана төленетін болады. Жобаның негізгі нәтижесі ветеринарлық қызметтер мен жануарларды тіркеуді жақсарту және ет саласы үшін тиімді агроэкологиялық саясат орнату.