Үндістанның солтүстік шығысындағы Ассам штатында күшті муссондық нөсер салдарынан өткен аптада кем дегенде 59 адам мерт болды, деп хабарлайды NDTV телеарнасы. Телеарнаның хабарлауынша, табиғи апат штаттағы 27 округтің 20-на белгілі бір дәрежеде әсер еткен. Брахмапутра өзені мен ағыстардың су деңгейі жоғары көтеріліп, апат аумағында 1,3 млн-нан астам адам қалып қойған, 1 636 ауыл мен кентті су басты. Штат үкіметі табиғи апаттан зардап шеккен босқындарды150-ден астам лагерьге уақытша орналастырды. Зардап шеккен аудандардың тұрғындарына билік күріш, жарма, алғашқы қажетті тауарларды таратуда.