Ғалым: аурудан жазылғандардың кейбірінде симптомдар бірнеше ай бойы кетпейді
Ғалым: аурудан жазылғандардың кейбірінде симптомдар бірнеше ай бойы кетпейді
© Reuters
5,132
оқылды
Коронавирус жұқтырып, кейін аурудан жазылғандардың кейбірінде симптомдар бірнеше ай бойы кетпейді. Бұл туралы Гарвард университетінің профессоры Тобиас Курт мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. "Ешқандай симптом білінбейтін науқастар бар. Вирустан проблема, әсіресе, өкпесінде қиындық туындаған науқастар да бар. Кей жастар аурудан жазылған соң бірнеше ай бойы спортпен айналыса алмайды", - деді ғалым.
Курт вирустың әлі толық зерттелмегенін айтады. Сондықтан денсаулықта коронавирусқа байланысты болатын проблемалардың қашан кететіні нақты белгісіз екен.