Коронавирус жұқтырып, кейін аурудан жазылғандардың кейбірінде симптомдар бірнеше ай бойы кетпейді. Бұл туралы Гарвард университетінің профессоры Тобиас Курт мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. "Ешқандай симптом білінбейтін науқастар бар. Вирустан проблема, әсіресе, өкпесінде қиындық туындаған науқастар да бар. Кей жастар аурудан жазылған соң бірнеше ай бойы спортпен айналыса алмайды", - деді ғалым.