"Канелоның" промоутері рингке оралатынын хабарлады
"Канелоның" промоутері рингке оралатынын хабарлады
Оскар Де Ла Хойя. Фото: Depositphotos
Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя рингке қайта оралғысы келетінін айтты. Бұл туралы ол CBS Los Angeles-ке берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды vRINGe.com. Де Ла Хойя карьерасында алты салмақ дәрежесін бағындарған. 47 жастағы промоутер жаттығуға кіріскенін айтады. "Рингке оралуды күн сайын ойладым. Күн сайын оралуға бекіне түстім. Қазір жаттығу жасап жатырмын, кросс жүгіремін. Жекпе-жек қашан болады? Кім біледі? Мүмкін биыл, мүмкін келесі жылдың басында... Бірақ мен міндетті түрде ораламын. Өзімді керемет сезінемін!", - деді ол. Де Ла Хойя жақын арада спаррингтер өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Промоутер 54 жасында боксқа ораламын деп хабарлаған Майк Тайсон секілді көрмелік жекпе-жектерге қатыспақ. Оскар Де Ла Хойя - 1992 жылғы Олимпиада чемпионы. 2008 жылы желтоқсанда филиппиндік Мэнни Пакьяодан жеңілген соң карьерасын аяқтаған.